Кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсетілді

Кәсіподақ ұйымдары өз мүшелеріне әрқашан қолдау көрсетіп отырады. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық кəсіподақ ұйымынан көктемгі демалыс уақытында кеңінен танымал «Көктем», «Сарыағаш» шипажайларына: М.Дəуленов мектеп-интернаты, М.Əуезов, Шілікті, Жамбыл, Ю.Гагарин атындағы, Айнабұлақ, Сартерек, Қарасай мектептерінен кəсіподақ мүшелері демалуға жіберілді.

Мұнда мұғалімдер құйынды және 4- камералы ванналар, су астындағы душ-массаж, минералды судың адам ағзасына әсірене негізделген емдік процедуралар ұсынып, басқада түрлі қызметтер алды.

Таза ауа және құрғақ климат жүйке жүйесіне пайдалы әсер етіп, демалыс жайлы, ыңғайлы, керемет болды деген пікірлер айтып, кәсіподаққа алғыстарын білдірді.