Ақтөбеде кәсіподақ жалпықалалық сенбілікке қатысты

Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының жетекшілері мен ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Ғимарат маңында тазалық жұмыстарына ұжым ауызбірлікпен түгелдей атсалысты.

«Сүйікті қаламыздың тазалығы баршамызға ортақ іс, жас буынға үлгі-өнеге, сырттан келген қонақтар үшін тұрғындарымыздың абыройы. Біз Ақтөбе облысында жарияланған екі айлық тазалық жұмыстарына қолдау танытамыз», – деп атап өтті шараға қатысқан Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев.

Санитарлық тазалау мен абаттандыру бойынша екі айлық мамырдың соңына дейін жалғасады.