Әлеуметтік әріптестік мәселелері қаралды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Айгүл Мусина «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ кәсіподақ белсенділері және әкімшілігімен кездесті.


Тараптардың өзара жауапкершілігі негізінде ортақ мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін әлеуметтік әріптестік мәселелері қаралды. Сондай-ақ мектептегі әлеуметтік әріптестікті реттейтін негізгі құжат болып табылатын, ұжымдық шарт тармақтарының орындалуы талқыланды. Еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша тараптардың мүдделерін сақтауға баса назар аударылды.

Әңгіме нәтижелі болып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.