Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер қоғамдық ұйымының жоспарына сәйкес наурыз айында “Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы” есебінен облыстың педагог ардагерлеріне Ақжайық санаториясында демалу үшін 14 жолдама бөлініп, 27 наурыз бен 5 сәуір аралығында облыстың ардагер ұстаздары демалып қайтты.
Демалушылардың санаторияға барып, қайтуы үшін облыстық білім басқармасы арнайы көлік бөліп, демалыс орнына уақытында жеткізу мүмкіндігін жасады.
“БҚО білім саласы ардагерлер ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Крыкбаев шипажайдағы демалушылармен кездесу өткізіп, демалыс жағдайлары туралы пікірлесіп қайтты.
Кездесу барысында ардагер ұстаздар қызметте жүрген кездерінде жолдама алу мүмкіндігі аз болғанын, зейнеткерлікке шыққаннан кейін облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ тарапынан мынадай қолдау, сый-құрмет көру әр ардагер үшін маңызды және мақтаныш екенін ортаға салды. Сонымен қатар, демалушылар санаторияда ем-шара алудан басқа бос уақытты өткізу де өте жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. Күнделікті демалыс кештері, теннис, бильярд ойыны, таза ауада серуендеу тағы басқа шаралар жоспарлы түрде өтіп отыратын әңгімеледі.