Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығында «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстық кәсіподақтар ұйымдарының мүшелері, кәсіпорындар мен ұйымдарының есеп бөлімі, кадр қызметкерлері және жұмыс берушілердің басқада өкілдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерін, жұмыс берушілердің өкілдерін Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беру.
Семинарға «Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры» АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрлан Қыстаубаев, «Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры» АҚ ШҚО филиалының директор орынбасары Қарлығаш Байділбаева пен бас маман Анна Сагдеева баяндамашылар ретінде қатысты.
Нұрлан Қыстаубаев қолданыстағы әлеуметтік сақтандыру заңнамасы бойынша ақпарат берді.
«Бүгінгі күні 6,7 млн, адам міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтылған. Облыс бойынша 2022 жылы 47 мың адамға 20,3 млрд. тенге көлемінде сақтандыру төлемдері жасалған. Әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және толық аудару қызметкерге әлеуметтiк қатер төнген жағдайда толық көлемде әлеуметтiк төлемдер алуға құқық бередi…», – деп атап айтып өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар нормаларына тоқтап өтіп, ол бойынша түсініктемелер берді. Қатысышулардан қойылған сұрақтарына толыққанды жауап берді.
БЖЗҚ АҚ облыстық филиалының бас маманы Анна Сагдеева халықты зейнетақымен қамтамасыз ету заңнамасы нормалары бойынша түсіндірмелер берді – зейнетақы қорының қызметі туралы, зейнетақы қорынан электрондық желілер арқылы зейнетақы жеке есеп-шотынан қажетті ақпараттарды алу тәсілдерімен таныстырды. Қатысушылардан берілген сұрақтарға зейнетақы қоры филиалының директор орынбасары Қарлығаш Байділбаева жауап берді.
Семинар барысында қатысушылар әлеуметтік төлемдер жөнінде өз жеке тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, пікір алмасты.
Семинарды қортындылай келе, ШҚО Кәсіподақтар орталығының заңгері Батырбек Нұрпейісов әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасының әрбір азамат үшін өте маңызды екенін айтып, ҚР Кәсіподақтар федерациясының ҚР Әлеуметтік кодексі жобасын жасаудағы атқарған рөліне оң баға берді.
Бір ғана мысал келтіре кетейін – жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем кірісті ауыстыру коэффициенті 40% – дан 45% өзгертілді. Бұл өзгерістердің еңдірілуіне Кәсіподақтар федерациясының бастамасы әсер етті.
Қатысушылар тарабынан семинарды ұйымдастырушыларға, баяндамашыларға алғыс білдірілді. Семинарға 45 адам қатысты.