Биіктік ханшайымы

Бақытгүл Қоңырбаева ерекше мамандық иесі, Алматы логистикалық базасында порталдық кран машинисі. Ол өз әріптестерін кранмен 20 тонна жүк көтеру қабілетімен таң қалдырды. «Бәрін жоғарыдан көріп тұрмын, өзің білесің»- деп Бақытгүл күлімсіреп, әйгілі әннен үзінді келтіріп, әрдайым сондай ептілікпен, кабинасында биікке көтеріледі. Бақытгүлдің бұл қызметте жұмыс істегеніне жиырма жылдан асты.

«Жұмыстың оңайы жоқ, сондықтан атқарған ісіңді жақсы көруің керек және өте жақсы істеуге тырысу қажет. Бұл жұмыста ең бастысы ұқыптылық. Өйткені краншыға үлкен жауапкершілік артылады. Төменде қаншама адам жұмыс істеп жүр. Ауыр плиталарды көтерген кезде абайламасаң, талаптарды қатаң сақтамасаң біреуді майып етуің мүмкін. Мысалы, нашар бекітілген жүк тіпті кранды аударып жіберуі мүмкін. Бұл қандай салдарға әкелетінін елестету тіпті қорқынышты. Төменде жүкті іліп тұрған маманды тыңдау керек. Түрлі панельдерді, жабындарды көтеремін, құрылыс басына әкетуі үшін артып беремін. Бұл жерде негізгі жұмыс крандікі. Төменде жігіттер арматуралайды, ал оны орнынан қозғау, арту – бәрін кран атқарады. Крансыз жұмыс тоқтап қалады. Бұл жерде қызмет ететініме қуаныштымын. Кәсібімді ауыстыру ойы мүлдем жоқ», – дейді аспалы кран машинисі Бақытгүл Қоңырбаева.

Кәсіпорында жұмыс азанмен басталып, кешке аяқталады. Бақытгүл Қоңырбаева аспалы кранға отырып, ауыр темір-бетон бұйымдарды тасымалдайды. Маманның айтуынша, сөзбен айтуға жеңіл, бірақ краншыға таңертеңнен кешке дейін зейінді жоғалтпау қажет. Кранды жүргізуді үйренуге келген шәкірттерін де тәжірибелі маман жауапкершілікті бірінші орынға қоюды үйретеді.

Елена Қолдасбаева: «Кран машинисі мамандығы қызықты, бірақ өте жауапты қызмет түрі болып табылады. Краншы, негізінен ер адамның кәсібі болып есептеледі. Алайда бүгінгі күннің батыр қызы- Бақытгүл Қоңырбаева құрылыс саласында краншы болып еңбек етіп жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болды. Ол өз ісінің шебері, білікті маман. Бақытгүл жұмысты орындау кезінде қауіпсіздікті жіті қадағалайды, жұмысына тиянақты қарайды, тасымалдаушылармен алмасатын барлық сигналдарды біледі. Кәсіпорынға келген жастарды тәрбиелеп, білгенімен әрдайым бөліседі. Ол саналы ғұмырын құрылыс саласына арнаған нәзік жанды ару», – дейді.

Келіншектің оның кәсіби қабілеттері үшін әріптестері ерекше бағалайды. «Мұнда жұмыс кәсіпқойлық пен қатаң тәртіпке құрылған, әуесқойлар мен кездейсоқ адамдар жоқ. Айта кету керек, Бақытгүлдің қайратты мінезінің артында перзенттерінің нәзік анасы, ошақ қасы болып қалатын ішкі сұлулығы мен шынайылығы бар – әйел бар», – дейді әріптестері.