Кошанова Шынар Манарбекқызы 1994 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алған. Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында еңбек жолын бастап, осы ұжымда 29 жыл еңбек етіп келеді. Қарапайым кітапханашыдан қазіргі таңда «Кітапхана процестерін автоматтандыру» бөлімінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады, сондай-ақ Шынар Манарбекқызы – кәсіподақ төрағасы. Оқырмандарға тікелей қызмет көрсетеді. Олардың әр алуан сұранымдары мен сұрақтарына белсенді түрде жауап беріп, қажетті материалдарын, тез арада, шапшаң түрде тауып береді. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияны жетік меңгеруде.
Шынар Манарбекқызының Қазақстан мен Ресей мемлекеті арасында мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында қосқан үлесі орасан зор. Соның ішінде атап айтатын болсақ, Орынбор қаласында өткен татар халқының ақыны Мұса Жалелдің шығармашылығына арналған “Мұса Жалел: «Жизнь и судьба» атты халықаралық шараға қатысып, бақ сынады.
Шынар Манарбекқызы «Кітапхана жұмысына заман талабына сай жаңа өзгерістер енгізіп, өлкетану жұмыстарын жан-жақты жүргізгені үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығында мәдени шараларды үлгілі өткізгені және ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттау мен дамытуда қосқан лайықты үлесі үшін» марапаттау қағаздарына ие болды. 2006 жылы Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
2011 жылы Расул Гамзатовтың әдеби мұрасын насихаттау аясында халықаралық кітапханалық жобаға қатысты. Шынар Манарбекқызы Ақтөбе облыстық кәсіподақтар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік кісіподақ мекемесі-2013» аты облыстық конкурста Алғыс хат иеленді. 2015 жылы кәсіподақ жұмысы мен әлеуметтік әріптесті дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен марапатталған. 2018 жылы Қазақстан кәсіподақтарының күніне орай «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының атынан абыройлы еңбегі үшін «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2022 жылы Қазақстан кітапханалық одақ атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының кітапханашылар күніне орай кітапханалық одақтың шығарған «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары», «Видные библиотекари Казахстана» атты анықтамалығына енгізілді.
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кәсіподақ комитетінің төрағасы жұмысын да атқара отырып, қажетті талаптарды толық орындап, жұмысқа деген қабілеттілігін көрсете білді. 2015-2019 жылдардың қорытынды жұмыстары бойынша «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерлерінің кәсіптік одағы» ұйымдастырған республикалық қорытындысы жарияланып кітапхана «Лучшая первичная профсоюзная организация» атанып, 50 000 теңгелік сертификат иеленіп, алғыс хатпен марапатталды. 2020 жылы «Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ «Ең үздік кәсіподақ ұйымы» атанды.