Еліміздің үшінші мегаполисінде «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдақ бірлестігінің өңірлік филиалының құрамындағы Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының ұжымымен кездесу өтті.
Басқосуда «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов жоспарлы семинар кеңес өткізді. Жиын барысында еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді. Атап айтқанда, еңбек дауларын алдын-алу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру сынды түрлі ақпарат айтылды.
Кездесу барысында жұмыскерлердің еңбек құқықтары талқыланып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында 2 мың адам жұмыс жасайды. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелері. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы – Абдибаева Сауле Миралбайқызы.