Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен Саз мектебі және оның филиалдарының жас мамандары арасында аудандық «Ел келешегі – жас маман» атты байқау өтті. Шараның мақсаты – жас мұғалімдердің білімдерін шыңдау, оларға қолдау көрсету. Жас маманның сабақ беру әдіс-тәсілін байқау, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу.
Сайыс бес кезеңнен тұрды: «Мақал-мәтел сөз мәйегі», «Ойнайық та, ойлайық» тренингі, «Ұшқыр ой» интеллектуалдық сайысы, «Саз әуені» ұстаздар арасындағы ән байқауы, ашық сабақтар.
Сайыс жеңімпаздарын аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов құттықтап, аудан әкімі орынбасарының, білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының алғыс хатын және бағалы сыйлықтар табыстады. Бас жүлдеге ие болған Мұңлыбек Ақеркеге Түркістан қаласына саяхатқа жолдама берілді.