Әлеуметтік әріптестер бас қосты

Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығы кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау мақсатында және облыс әкімдігі, кәсіподақ орталығы мен жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы облыстық үшжақты келісім негізінде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, оның деңгейлерінің бірі кәсіподақ ұяшықтары бар кәсіпорындарда Ұжымдық шарт жасасу болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, Ұжымдық шарты жоқ кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбек құқықтары жиі бұзылады, ал ұжымдық шарттың болуы ұйымның тұрақтылығының, жұмысшылардың мүдделерін құрметтеудің және ұйымның болашағына деген қамқорлықтың белгісі болып табылады.

Осыған байланысты, Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығы «YNTYMAQ» салалық кәсіподағымен бірлесіп «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС-нің басшылығымен және еңбек ұжымының мүшелерімен Ұжымдық шарт жасасу, еңбек туралы заңнама, оның ішінде еңбекті қорғау және еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді және оларға консультациялық көмек ұсынылды.

«Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС ұжымымен кездесу барысында облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Сәдуақас Бекгалыев қатысушыларды Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің бастамасымен «Қауіпсіз еңбек жылы» шеңберінде тиісті қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылауды күшейту, әлеуметтік әріптестік жұмысын жақсарту бойынша ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бекітілген шаралар туралы хабардар етті.


Сонымен қатар, төраға әлеуметтік әріптестік пен ұжымдық-шарттық қатынастарды, кәсіподақтардың қоғамдағы рөлін нығайтудағы бастауыш ұйымдардың рөлін күшейтудің өзектілігін атап өтті.

Өз кезегінде, “YNTYMAQ” салалық кәсіподағының төрағасы Төлеген Шаимов қатысушыларға кәсіподақпен Серіктестіктің маңыздылығы, бастауыш кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру және салалық кәсіподаққа кіру тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ мүшелерді кәсіподаққа тарту тәжірибесімен және ұжыммен әлеуметтік диалог орнату әдісімен бөлісті.

Кездесу соңында «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС-мен ұжымдық шартты дайындау және жасасу және «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының құрамына бастауыш кәсіподақ ұйым ретінде кіруі туралы шешім қабылданды.

Мәлемет үшін: «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС Маңғыстау облысының Қарақия және Мұнайлы аудандарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады, онда 100-ден астам адам еңбек етеді.