ҚР Заң клиникасында қабылдау жүргізілді

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Заң клиникасының қызметіне Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны А. есімді азаматша Заң аясында көмек көрсетуді сұранып жүгінді.

Азаматшаның айтуынша, Астана қаласының нотариусы оған қатысты өндіріп алушы «Взаймы» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің пайдасына сома өндіру туралы атқарушылық жазбасын шығарып, мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына жолдаған.

Осыған орай, Астана қаласының нотариусының бұл іс-әрекетінің қаншалықты заңды екендігін білу мақсатында құқықтық көмек көрсетуді сұранып өз уәжін білдірді. Орын алған жағдайға байланысты істің мән-жайы тыңдалып, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Заң клиникасының бас маман заңгері Ерлан Жандарбеков, шағым білдіруші азаматшаға ҚР Нотариат туралы Заңының баптарының талаптарын түсіндіріп, азаматшаға құқықтық кеңес берді.

Сондай-ақ, Заң клиникасының қызметкерлерімен шағым білдірушіге Астана қаласының нотаруисымен шығарылған аталған атқарушылық жазбасына қарсылық (возражение) жазу құқығы түсіндірілді..