Хаджи Василий Николаевич еңбек жолын Екібастұз 1-МАЭС-да 1984 жылы электр цехындағы электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер болып бастады, ал 2019 жылдан бастап 7-разрядты электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электромонтер болып ауыстырылды.
Василий Николаевич жұмыс барысында релелік қорғаныстың, қашықтықтан басқарудың, сигнализацияның және электр автоматикасының жай-күйін уақтылы анықтау және бақылау арқылы бекітілген электр жабдығының сенімді және апатсыз жұмысын қамтамасыз етеді, тарату құрылғыларында жедел ауысулар жүргізеді, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтайды және жояды. Жұмыс орындарын сапалы дайындауға және нарядтар мен өкімдер бойынша жөндеу бригадаларын жіберуге жауапты. Жабдықтың электр жүктемесін көтеруге үнемі дайындығын сақтау мәселелерімен айналысады.
Хаджи Василий Николаевич ұжымда үлкен құрметке ие, жас қызметкерлер үшін жақсы тәлімгер болып табылады.
2022 жылы «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағына ие болды. Ақпан айында Василий Николаевич зейнеткерлік жасқа жетті, бірақ станцияда жұмысын жалғастыруда және жас жұмысшылармен өзінің үлкен тәжірибесімен бөлісіп келеді.