Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әлидің төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Отырысқа «Paryz» «Қазақстан Республикасы Жұмыс берушiлер (кәсіпкерлер) Ұлттық Конфедерациясы», «Жетісу облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, салалық кәсіподақтардың төрағалары мен комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдіктері қатысты.
Келісім тараптарының белсенді жұмысы әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар, облыстың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге мүмкіндік беруде.
Осыған байланысты, облыстық үшжақты комиссия отырысында «PARYZ» Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) Ұлттық Конфедерациясының» әлеуметтік әріптестіктегі стратегиясы және механизмі, ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына байланысты Жетісу облысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің іс-шаралар жоспарын қолдау мәселелері сөз болды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Paryz» «Қазақстан Республикасы Жұмыс берушiлер (кәсіпкерлер) Ұлттық Конфедерациясының» бас директоры А.Абиханов, «Жетісу облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә.Қыдырмановқа баяндама жасау үшін сөз кезектері берілді.
“Қосымша айтып кететін маңызды мәселе ол, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми есепке алу. Баршаңызға белгілі, облыс әкімі осы бағытта арнайы тапсырма берген болатын.
Осыған сәйкес, аудан, қала әкімдіктері жанынандағы үшжақты комиссияларда жұмыс берушілерді шақырып, арнайы күн тәртібіне шығарып қарау қажет. Сонымен қатар, еңбек инспекциясымен бірлесіп, облыста іске асырылып жатқан ұлттық жобаларға орналасқан азаматтардың электронды еңбек келісім-шарты мен мінжетті әлеуметтік жарналарының болуын қадағалау керек. Бүгінгі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша келесі тапсырмалар хаттамаға енгізу қажет”, – деп тоқталды комиссия төрағасы Рустам Әли.
Облыстық үшжақты комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелердің барлығы қаралды.