Еңбек саласының келешегі

Еңбек саласында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Бұл трансформация технологиялардың прогрессивті дамуынан және климаттың өзгеруінен экономикадағы және жұмыспен қамтудағы демографиялық өзгерістерге байланысты бірқатар факторлардың нәтижесі болып табылады (42 ):

  • Жұмыстың табиғаты мен орны әрдайым өзгерсе де, осы өзгерістердің қарқыны өсті, олардың масштабы өсті және әсері де тереңдеді және тіпті бұрыннан бар әлеуметтік құндылықтарға да әсерін тигізеді.
  • Жұмыс орнындағы өзгерістер факторлары жаһандану, автоматтандыру, компьютерлендіру, демографиялық өзгерістер, жаһандық жылыну және басқа да экологиялық құбылыстар, және т.б. аспектілерін қамтиды. Олар жаңа болмаса да, соңғы екі онжылдықта осы өзгерістердің қарқыны ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды таралуы, сондай-ақ тез автоматтандыру және компьютерлендіру саласындағы прогресс, қызметтер көрсету сияқты жаңа секторларлардың дамуына және өсуіне байланысты айтарлықтай өсті.

 

ХЕҰ бастамасы бойынша құрылған “Еңбек саласының келешегі” кітапханасы