Кәсіподақ ұйымы ұстаздар арасында байқау өткізді

Бұқар-Жырау аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Бұқар-Жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай білім беру ұйымдарының арасында «Жаса Қазақстан!» атты ұстаздар байқауы өтті.

Байқауға аудан бойынша 13 білім ордасы қатысты. Бала жанына ерекше нұр себетін, сапалы біліммен қаруландыратын, үлкен өмір жолына аттандырып салатын ұстаздар өздерінің бойындағы әншілік, күйшілік, бишілік өнерлерімен бөлісті.


Сахна – киелі жер. Ол әдемілікті, талғампаздықты, әдемі жүріс-тұрысты қажет етеді. Сол киелі сахнадан көрермендер қаншама әдемі, әуезді әуендер тыңдап, үш сағатқа созылған мерекеден керемет әсер алып шықты.

Байкаудың қорытындысы бойынша білім ұйымдары бас жүлде,1,2,3 дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен, сертификаттармен марапатталды.