Қарағандылық кәсіподақтар еңбек дауларының алдын алу жолдарын талқылады

Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Қауіпсіз еңбек жылында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығымен бірлесіп «Еңбек дауларының туындауының алдын алу және оларды шешу. Татуластыру рәсімдері. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру. Материалды практикалық мысалдармен бекіту. Еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі» тақырыптары бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды.

ҚРКФ Ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, еңбек қатынастары жөніндегі сарапшы Ләззат Есжанова Қарағанды өңірінің салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдарының 60-тан астам өкілі қатысқан өзекті семинар-тренингтің спикері болды.

«АрселорМиталл Теміртау» АҚ «Жақтау» металлургтерінің, «ҚАЗКӘСІПТРАНС» Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің, Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк және қоғамдық мекемелерінің қызметкерлерінің, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің, Құрылыс кешені тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіподақтарының Қарағанды облыстық филиалдарының кәсіподақ активі, Қарағанды энергетикалық компаниялар тобы қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы, Қарағанды облысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілерінің Жергілікті кәсіподағы өкілдері түрлі аспектілі диалогта еліміздің еңбек заңнамасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша практикалық кәсіподақ қызметі үшін маңызды ақпарат алды.

«Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Жұмабеков Келісу комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың және еңбек ұжымдарында татуластыру рәсімдерін ұйымдастыруды білудің маңызды рөлін атап өтті.

Ләззат Айдарханқызы еңбек даулары мен жанжалдардың туындауының алдын алу мен шешілуінің, ұжымдық шарттар жасасу және кәсіподақтардың оң имиджін дамыту жолымен қызметкерлердің мүдделерін қорғауда кәсіподақтардың мәртебесін арттыру тақырыбындағы практикадан түрлі кейстердің мысалдарын келтірді.

Қатысушылар семинарды өткізудегі жоғары кәсібилікті, кәсіподақ қызметкерлерінің практикалық дағдыларын одан әрі жетілдіру үшін қажетті жаңашылдықтарды атап өтті.

Іс-шара аяқталғаннан кейін салтанатты түрде кәсіподақ қозғалысын дамытуға, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға және «Еңбек адамы» облыстық кәсіподақтық сайыста белсенді қатысқаны үшін Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының өкілдері марапатталды.


Содан кейін кәсіподақтық семинар-тренингінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды, қатысушылар тарапынан ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдіріп, алдағы уақытта Еңбек Адамы мүддесі үшін кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын дамытатын білім беру форматындағы кездесулердің жалғасуын тіледі.