“Еңбек шартын жасаңыз” атты республикалық акция

2018 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың желтоқсан айы аралығында «Еңбек шартын жасаңыз» республикалық акциясы өткізіледі.

Республикалық акциясының ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

«ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАҢЫЗ» жалпыреспубликалық акциясының мақсаты бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы құқықтары туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерциясы мен оның мүше ұйымдары акция аясында:

1)бейресми жұмыспен қамту себептерін анықтау мақсатында еңбек ұжымдары арасында сауалнама жүргізіледі. Аталмыш қадам еңбеккерлерді өз жұмыстарын заңдастыруға ынталандыру үшін ұсыныстарды әрі қарай әзірлеу мақсатында жасалады;

2)алғашқы кәсіподақ ұйымдары құрылған кәсіпорындарда жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы сақтауын қоғамдық бақылауды күшейту шаралары қабылданады;

3) жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланатын аумақтарда шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында еңбек қатынасын рәсімдемеу және еңбекақыны конвертпен төлеу схемаларын пайдаланудың  жұмыс беруші үшін құқықтық салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;

4) акцияны ақпараттық қолдауды жүзеге асырады;

5) еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат парақшалары әзірленеді және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады;

Осы бағытта тиімді жұмыс жүргізу мақсатында бейресми жұмыспен қамту, еңбекақыны «конвертпен» төлеу жайттары туралы ақпарат жинау үшін облыстар мен Астана, Алматы қалаларының Кәсіподақ орталықтары ғимараттарында «сенім жәшіктері» орнатылған.

Егер Сізге немесе Сіздің жақыныңызға еңбекақы «конвертпен» төленсе, жұмыс беруші еңбек шартын бекітуден қашқақтаса, егер Сізге құқықтық көмек қажет болса, Сіз Кәсіподақтар федерациясының «жедел желісінің» тлефонына: 8 (7172) 21 28 01 және облыстар мен Астана, Алматы қаласының Кәсіподақ орталықтарының телефондарына сағат 9.00-18.00 сағат аралығында хабарласа аласыздар.

СІЗГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ!

Сондай-ақ, акция аясында еңбек шартын рәсімдеусіз жұмысқа қабылдау жайттары бойынша анонимдік сауалнама жүргізіледі.

Егер Сізге еңбекақы «конвертпен» төленсе, Сізді сауалнағама қатысуға шақырамыз. Сауалнама анонимді жүргізіледі, және Сіз жауап беруде тәуелсізсіз. Ашып айтушылық үшін алдын-ала алғыс білдіреміз. Сіз бейресми жқмысқа қабылдауға өатысты өзіңіздің көзқарасыңызды анонимді қоғамдық сауалнаманы толтыру арқылы білдіре аласыз. Сауалнаманы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының ресми сайтында «ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАҢЫЗ» Республикалық акциясы» бөлімінде жүктеп алып толтыра аласыз.

Толтырылған сауалнамаларды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ibraeva@fprk.kz электрондық поштасына жіберу қажет, немесе облыстар мен Астана, Алматы қалаларының Кәсіподақ орталықтары ғимараттарында орнатылған «сенім жәшіктеріне» салу керек.

Бейресми еңбектен қамту және жұмысшыларға еңбекақыны «конвертпен» төлеу мәселесін жұмысшылардың қатысуынсыз іс жүзінде шешу мүмкін емес.

Еңбек қатынастарын ресми рәсімдемей жұмысты орындауға келіскенде жалдамалы жұмыскер әлеуметтік қорғаудан бас тартып, тек өзіне ғана емес сондай-ақ, жұмысберушінің міндетті салықтарды толықтай не жартылай төлемеуіне жол беру арқылы  өз балаларына, ата-анасына құрметсіздік танытады.

Егер Сіз өз болашағыңызға бейжай болмасаңыз, Сіз әлеуметтік кепілдікті толықтай көлемде алғыңыз келсе — СІЗ ӨЗІҢІЗДІҢ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАУЫҢЫЗ КЕРЕК!


Сауалнама