Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымында «Кәсіподақ – жастар тынысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы Жастар кеңесінің ұйымдастырумыен «Кәсіподақ –жастар тынысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Жастар кеңесі туралы Ережеге сәйкес кәсіподақ органдарының қызметін үйлестіру, негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.

Атаулы шараға Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев, Жоғары аграрлы-техникалық колледж директоры Али Масалимов, бас маман – ұйымдастырушы Марина Темиргалиева, Жастар кеңесінің төрайымы Жанна Жанибекова және білім саласының облыстық Жастар кеңесінің мүшелері, кәсіподақтың аудандық комитет – филиалдарының Жастар кеңесінің төрағалары қатысты.

Дөңгелек үстел тақырыбы аясында Жастар кеңесінің аудандық бөлімшелері төрағалары баяндама жасап, аудандарда атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді.

Дөңгелек үстелдің негізгі бөлімінде «Жастарды кәсіподақ қатарына тарту», «Жас мамандарға кәсіподақ тарапынан қамқорлық таныту», «Жастарға кәсіподақ қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желілер арқылы таныстыру», «Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау», «Жас мамандармен іс- шаралар өткізу», «Ұлттық ойындарды қолдау, дамыту», «Жастар Кеңесінің төрағаларына куәліктер беру», «Жастар арасында интелектуалды ойындар ұйымдастыру»,«Белсенді жастарға шипажайға жолдама беру» туралы мәселелері көтеріліп, Жастар Кеңесінің төрағалары өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Шараның қорытындысында төраға Марат Даупаев Қазақстан Республикасы кәсіподақ ұйымдары жастар саясатын күшейту мен жандандыруды қолға алу мақсатында облыстық кәсіподақ тарапынан әр ауданға 2 жолдамадан бөлінетіндігі туралы мәлімдеді.