Шымкентте «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалының құрамындағы №1 қалалық балалар ауруханасы ұжымында семинар кеңес өтті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне семинарды «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өткізді.
Жиын барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы аясында түсіндірме жүргізіліп, кәсіби аурушаңдықтан сақтау, қауіпті еңбек жағдайларын алдын-алу жолдарына талқыланды. Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, қауіпті жағдайлардың алдын алу туралы түсіндірме берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Айта кетейік, №1 қалалық балалар ауруханасының қабырғасында 600 адам жұмыс жасайды. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелері. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Бауржан Алменов.