Кәсіподақтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл төңірегінде дөңгелек үстелге қатысты

Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығы өкілдері мен облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысқан жиында еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі өзара пікір алмасу өтті. Онда еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөнінде облыс кәсіпорындарымен өткізілген жұмыстар туралы еңбек инспекциясы баяндама жасады.


Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары мен қоғамның біріккен күшімен ғана қандай да бір оң нәтижеге қолжеткізуге болады. Кәсіподақтар бұл бағдарды қолдайды. Отырыс соңында дөңгелек үстел қатысушылары пікір алмасты.