«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімді жүйесін құру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла мен Адалдық алаңының жетекшісі Нұржахан Абуованың қатысуымен Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінде жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет жоспарына сәйкес «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.


Семинар барысында қатысушылар іс-шараның негізгі мақсаты: білім беру мекемелерінде ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелерін талқыға салды.

Сонымен қатар, кездесуде квазимемлекеттік сектордың барлық ұйымдарында комплаенс бөлімшелерін құрудың тиімділігі мен оларды дамыту жолдары талқыланып, сөзбен емес, іс жүзінде ұжымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қажеттігі айтылды.

Өз кезегінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге елеулі әсер ететінін атап өтті.