Кәсіподақ қолдауымен кітап көрмесі ұйымдастырылды

«Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 80 жылдық мерейтойына орай зауыт әкімшілігі және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен техникалық кітапхана алаңында зауыттықтар үшін «Кітапхана әлеміндегі – 80 жаңа кітап» көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында зауыттықтар арасында арнайы сауалнама жүргізілді. Зауыттықтардың басым көпшілігі детектив, танымдық және тарихы кітаптарды ұнататындығын түрлі-түсті стикер арқылы жеткізіп, көрмені айшықтай түсті.


Іс-шараның мақсаты оқырмандардың санын және құштарлығын арттыру, зейінін ашу, кітапханаға оқырмандарды тарту, зауыттықтарды заманауи жаңа кітаптармен таныстыру болды.

Кітапхана алаңында болады деп жоспарланған іс-шара ауа райының қолайсыздығына байланысты өткелде өтсе де зауыттықтарға ерекше бір көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өткел көрмеге сай безендіріліп, жаңа кітаптар топтамасы қойылды. Әуезді әнкітапқұмар жандардарға жылылық сыйлады.

Көрмеге: «Қазхром» – мерейтой әлемінде», «Қазхромның» филиалдары – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Дөң тау-кен байыту комбинатының мерейтойында шыққан кітаптар топтамасы, «Ферроқорытпа әлеміндегі – жаңа кітаптар», «Кітапхана әлеміндегі – психология», «Отбасы тәрбиесіндегі –ұлттық құндылықтар танымдық – кітаптар әлемінде» құндылық, шешендік сөз өнері бойынша сатып алынған кітаптар қойылып, оқырмандарға жол тартты.

Бастауыш кәсіподақ ұйымына қарасты техникалық кітапхананың кітапханашысы Ұлтуар Асанова, Eуразиялық Топтың психологы Букенбаева Арайлым, Яссауи даму орталығының жетекшісі, тарих магистрі Төлеубаева Балдану ханымдар жаңа кітаптарға шолу жасап, оқырмандарға бағыт-бағдар бере отырып, ой бөлісті. Сонымен қатар шара барысында зауыттықтар арасында арнайы сауалнама жүргізілді. Сауалнама арқылы зауыттықтардың талап-тілектері бойынша қандай кітаптар алуға болатынын анықтап алды.

“Кәсіподақ ұйымының құрамында техникалық және көркем әдебиет кітапханасы зауыттықтардың игілігі үшін жұмыс жасайды. Екі кітапханада заман талабына сай жабдықталып, өткен жылы ғана күрделі жөндеуден өткізілді. Техникалық кітапхана зауыт аймағында, ал көркем әдебиет кітапханасы Ардагерлер кеңесі шаңырағында Ливенцова көшесі 4-ші үйде орналасқан. Зауыттың мерейтойына орай жұмыскерлердің өтініштері бойынша кітапхана жалпы танымдық маңызы зор отбасы тәрбиесіндегі – ұлттық және отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие, менеджмент тақырыбын зерттейтін, электрондық сауда саласында табыс табу, түпсананы тазарта отырып, өзін, өмірін өзгертетін және психологиялық және ұлттық рухани қазыналарды байытатын 80 жаңа кітаптармен толықты. Алдағы уақытта да кітаптапхана қоры жаңа кітаптармен толығатын болады. Бұл іс-шараның барлығы зауыттықтардың игілігі үшін жасалынуда”, – дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров.