Жамбыл өңірінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер жалғасуда. Бұл жолы облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақовтың төрағалығымен Мойынқұм ауданындағы «Алтыналмас» АҚ-ның Ақбақай кен өндіру филиалында аудандық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына Мойнықұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, кәсіподақ ұйымының төрағасы мен Ақбақай кен өндіру филиалының басшылары қатысты.
Алдымен, комиссия мүшелері «Алтыналмас» АҚ-ның Ақбақай кен өндіру филиалы жұмысшыларының еңбек жағдайымен таныса отырып, вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылардың жататын орындарын, асханаларды және спорттық жаттығу залдарын аралап көрді.
Қазіргі уақытта «Алтыналмас» АҚ-ның Ақбақай кен өндіру филиалында 1200-ден аса жұмыскер қызмет етеді, 300-ге жуық кәсіподақ мүшесі бар. Биылғы жылы жұмыскерлердің жалақылары 20%-ға артып, кәсіпорында орташа жалақы мөлшері 397 мың теңгені құрап отыр.
Басқосуда Бағлан Жиенәліұлы кәсіподақ ұйымдарының бүгінде атқарып отырған жұмысын айтып өтті.
Бүгінде ҚР Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен әр өңірде, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кездесулер өткізілуде. Аталған кездесулердің негізгі мақсаты – еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдау.
Сондай-ақ, Бағлан Қарашолақов кәсіпорын жұмысшыларына биылғы жылды ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Қауіпсіз еңбек жылы деп жариялағанын, елімізде өндірістік жарақаттану жоғары деңгейде екенін және ондағы өндірісітік жарақаттан қарапайым жұмысшылардың зардап шегіп отырғанын атап айтты. Негізі өндірісітік жарақаттанулардың ең көп себептері, ол өндіріс орындарында жұмыстың қанағаттандырарлықсыз ұйымдастырылуы, жұмыс беруші тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайларының жасалмауы және тағы да басқа жұмыс берушінің кінәсінен болған себептер екенін атап айтты.
Жиында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков кәсіпорын басшылығына осы Ақбақай ауылының жергілікті тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Ақбақай кен өндіру филиалы басшысының орынбасары Нұрлан Молдабаев кәсіпорынның жұмысымен таныстырып, алда атқарылатын жұмыстардың жоспарына тоқталды. Сонымен қатар, комиссия мүшелеріне Ақбақай ауылына қатынайтын жолды жөндеу мен ауыл тұрғындарының ауыз-су мәселесін шешу қажеттігін ортаға салды.
Өз кезегінде, Мойнықұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков көтіріліп отырған мәселер назарада тұрғанын айтып, алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Байсерік Бақбергенов 2016 жылы осы кәсіпорында кәсіподақ ұйымы құрылып, осы уақыттан бері жұмысшылардың және олардың жанұя мүшелерінің денсаулығын жақсарту мақсатында еліміздің бірқатар шипажайларына қызметкерлерді 70% жеңілдікпен емделуге жолданатынын айтты. Жұмысшыларға одан басқа да көптеген көмектер көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында Бағлан Жиенәліұлы кәсіподақ тарапынан қашанда еңбек адамдарының мұң-мұқтажы тыңдалып, мүддесі қорғалып, сондай-ақ оларға әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетілетінін жеткізді.