24.kz: “ФУТЗАЛДАН КӘСІПОДАҚТАР КЕҢЕСІНІҢ КУБОГІ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ”

Елордада Орталық Азия елдері Кәсіподақтар кеңесінің Кубогі үшін шағын футболдан халықаралық турнир мәреге жетті. Биылғы сайыста 5 мемлекеттен 6 команда, яғни біздің ел және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолиядан келген. Екі күнге жалғасқан ойынның ақтық сынына Қазақстан мен Өзбекстан командалары шықты. Тартысты бәсекеде біздің елдің кәсіподақтар командасы қарсылас қақпаға 3 голл соғып, 3-те 1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің Кәсіподақтар кеңесінің үшінші отырысы өтті. Ұйым бес елдің 10 миллионнан аса кәсіподақ мүшесін біріктіреді. Кеңес кәсіподақтар қозғалысын одан әрі дамыту, федерация жұмысына жастарды тарту мәселелерін қозғады.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:  – Бірінші турниріміз ташкент қаласында өткен. қазір дәстүрлі түрде жалғасын тауып міне астана қаласында өткізіп жатырмыз. Бұл дүбірлі жарыс өте қызықты өтті деп айта аламыз. Жанкүйерлер мен спорт сүйер қауым өзіндік бір ләззат алған сияқты. Бұл турнирді жалғастырамыз деп келістік. ол келесі жылы душанбе қаласында өтеді.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/601057-k-sipoda-tar-ke-esini-kubogi-shin-sha-yn-futbol-turniri-m-resine-zhetti