Қызылордада «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы қорытындыланды

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы қорытындыланды. Қазақстан республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өтетін конкурс екі негізгі кезеңнен тұрады.

Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы бас маманы Майра Боранбаева конкурстың өңірлік комиссиясы құрамында жұмыс жүргізді. Өңірлік комиссия облыстан конкурсқа қатысушылар ұсынған көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бейне презентациясы мен қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасауға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне, қызмет көрсетуде бюрократиядан арылуға бағытталған «Адамдар ең алдымен» жобасын қорғауларына баға берді. Өңірлік конкурстың іріктеу кезеңінен өткен 13 қызметкер құжаттарын қарау нәтижесімен Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің маманы «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының республикалық кезеңіне жолдама алды.