Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері талданды

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл желек» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында қауіпсіз еңбек жылына орай, еңбекті қорғау және еңбек заңнамалары тақырыбында семинар өткізді.


Семинар барысында кәсіподақ мүшелеріне еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде мағлұматтар берілді.

Өз кезегінде сөз алған төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев 2023 жыл – «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына орай еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету жөніндегі мәселелерін тілге тиек етті.

Бұдан бөлек, кәсіподақ мүшелеріне жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» және «Заң клиникасы»-ның жұмысына тоқталып, қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді.

Жиын соңында кәсіподақ мүшелері пікір алмасып, өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды.

Айта кететін жайт, мекемеде 73 адам еңбек етеді. Барлығы жүз пайыз кәсіподақ мүшелері.