«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Медицина үздігі – 2023» облыстық конкурсына «Дәріхана меңгерушісі» номинациясы бойынша қазылар алқасы мүшесі ретінде қатысты.
Конкурс бағдарламасында 5 кезең қарастырылған: қатысушыларды тестілеу; өзін таныстыру – бұл бейнеролик пен конкурсқа қатысушылардың есебін ұсыну; шұғыл түгендеу; жұмбақтар; музыкалық конкурс өткізу.
Конкурс қорытындысы бойынша бес конкурсанттың ішінен республикалық конкурста облыстың атынан қатысатын Теміртау қаласының №4 емханасының провизоры Жеңісқұл Самыратова жеңімпаз атанды.