Үшжақты комиссия еңбек қатынастары мәселелерін талқылады

Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеровтың төрағалығымен облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыстық кәсіподақтар орталығының басшылығы, салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары, жергілікті басқарма басшылары, барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары мен бірқатар өндіріс ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Жиында еңбек қатынастарын реттеу, жалақыны уақтылы төлеу, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жалақы қарызы орын алған мекемелер мен өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселесі қаралды.

Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақовтың мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 5 айында өңірдегі еңбеккерлердің жалақысы орта есеппен алғанда 18,5 %-ға артқан. Сондай-ақ, осы кезеңде 21 жазатайым оқиға орын алып, онда зардап шеккендер саны 24 адам болған. Мерт болғандар саны 1 адамға жеткен. Осыған байланысты өңірде көп жазатайым оқиғалар орын алған ірі өндірістік кәсіпорын басшыларының есебі тыңдалды.

Комиссия отырысына арнайы шақыртылған Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стациясының басшысы Венера Балқыбекованың айтуынша, ауданаралық тас жолдарда жол көлік апаттары салдарынан жедел жәрдем стациясында өндірістік жарақаттардың жиілеп кеткен. Сонымен қатар, жедел жәрдем стациясында автокөлік жүргізушілерінің жалақылары төмен екенін алға тартты.

Сол сияқты қаладағы өңірдістік кәсіпорындар басшылары да өндірістік жарақаттың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарып отырғандарын атап өтті.

Кездесуде сөз алған облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов өткен жылы «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Жамбыл облысының жұмыс берушілерінің өкілі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Келісімге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларді негізге алып, облыстағы жұмыскерлердің жалақыларын көтеру қажеттігін нақтылап айтты.


Комиссия отырысын қорытындылаған Нұржан Календеров отырыста қаралған мәселелерге қатысты аудан әкімдері мен тиісті басқармаларға хаттамалық тапсырмалар беріп, нақты міндеттерді жүктеді.