Абай облысындағы орман өрттері қайғылы оқиғаның себепкері болды, өртпен күресте өңірдің 14 орман шаруашылығы қызметкері жанын қиды. Қайғылы оқиғаға жүрегіміз қарс айырылып барады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан және жеке өз атымнан қаза болғандардың туыстары мен әріптестеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Отбасылары мен достарына қайсар әрі бекем болыңыздар дегім келеді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы адам шығынына әкеп соққан өрттердің шығу себептерін тергеуді бақылауға алып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына моральдық және материалдық көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин