Қызылордалық «SENIM» кәсіподағының медицина қызметкерлерін құттықтау челленджі жалғасуда. Бұл жолы құрмет төрінде – Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ақтаева Гүлмира Қуанышбекқызы. Орталықтың кәсіподақ көшбасшысы 1974 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келген.
1996 жылы Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің психология факультетін бітіріп, сол жылдан бастап Қызылорда облыстық психоневрологиялық ауруханасының балалар бөлімшесіне балалар психологі болып жұмысқа орналасқан. Осы медицина орынында қазіргі уақытқа дейін абыроймен жұмысын атқарып келеді. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын білікті маман ұжым ортасында әріптестерге деген зор қамқорлығымен ерекшеленеді. Кәсіподақ көшбасшысы бола жүріп, ұжымда әлеуметтік аз қорғалған, көп балалы, мүгедек бала асыраушы ата-ана және мүгедектігі бар кәсіподақ мүшелеріне үнемі қолдау білдіріп келеді.
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында әріптестері білікті маман, шебер көшбасшы Гүлмира Қуанышбекқызына кәсіподақтық қызметіне сәттіліктер, отбасына амандық, денсаулық тілейді.