Кеншілердің әлеуметтік-еңбек құқықтары – кәсіподақ назарында

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев Хромтаудағы Дөң тау-кен байыту комбинаты жұмыскерлерімен жүздесті. Кездесуде еңбеккерлердің қауіпсіздігі мен олардың еңбек жағдайы, жалақы  мәселелері қамтылып, сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Кәсіподақ көшбасшысы еңбек қауiпсiздiгi және еңбек жағдайларын бақылау мақсатында  әлеуметтік әріптестермен бірге комбинатта болды. Еңбек ұжымы үшін демалыс орындары, жуынатын бөлме және асхана талапқа сай жасақталған.

Шахтада  жазатайым оқиғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және алдын алуға арналған шаралар барысы туралы да айтылды. Кездесу барысында жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен олардың еңбек жағдайына ерекше көңіл бөліп отырғаны айтылды. Сонымен катар, комбинат жұмыскерлерінің жалақыны көтеру, ауыр жұмыстағы жұмыскерлердің зейнет жасын азайту мақсатында қолға алынған бастамалар туралы да түсінік берілді.