Қызылорда облысы Сырдария аудандық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Маханбетов Серік Әбдуұлы 1985 жылы Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
2002-2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясында “Емдеу ісі” мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын №2 қалалық емханада жалпы тәжірибелік дәрігер қызметімен бастаған. 2010 жылы дерматовенеролог мамандығы бойында қайта даярлау курсынан өтіп, Сырдария аудандық емханасына дәрігер дерматовенеролог қызметіне қабылданған. Осы қызметте қазіргі таңға дейін абыроймен еңбек етуді.
Бірінші санатты дәрігер Серік Маханбетов 2015-2021 жылдар аралығында уролог қызметін қосымша атқарды. Денсаулық сақтау саласындағы еңбегі үшін Сырдария ауданы әкімінің Алғыс хатымен, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Өз ұжымында кәсіподақ мүшелерінің өкілі болып, олардың құқықтарын қорғауда еңбек жағдайларын жақсартуға және әлеуметтік жағдайларына қолдау көрсетіп келеді.