№4 Қызылорда қалалық емхананың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Муслимова Зухра Файзуллақызы 1988 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
2008 жылы Қызылорда медицина колледжінің «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқу бітірген. Сол жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013 жылы оқуды тәмамдаған.
2013 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында» дәрігер-статист болып еңбек жолын бастап, 2016 жылға дейін жұмыс жасады. 2016 жылдан бастап Қызылорда қаласында №4 қалалық емханада қазіргі уақытқа дейін осы салада қызметін атқарып келеді.
Медицина саласындағы еңбегі үшін Құрмет, Алғыс грамоталарымен марапатталған. Ұжымда сыйлы, құрметке ие кәсіподақ көшбасшысы кәсіподақ мүшелерінің мүддесіне аянбай еңбек етіп келеді.