Қызылорда облыстық Жедел-жәрдем стансасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Азамат Сартайұлы Оразов 1978 жылы Арал қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Байқоныр қаласы медициналық училищесін «Медицина аға» мамандығы бойынша тамамдаған. Осы жылы Алматы қаласы С.Ж.Асфандияров атындағы медициналық университетіне түсіп, 2002 жылы аталған оқу орнын «Педиатр» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы Алматы қаласы жедел жәрдем стансасында Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша интернатурада басталған. Білімін одан әрі 2004 жылы Алматы қаласы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында балаларға анестезиологиялық көмек және жандандыру шарасы тақырыбында жалғастырған. 2015 жылдан бастап Қызылорда облыстық Жедел-жәрдем стансасында дәрігер педиатр болып жұмыс істеп, 2016 жылдан қазіргі таңға дейін бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарып келеді.
Азамат Оразов қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұжымда кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде белсенді адал еңбек етуде. Еңбекқорлығы мен аса қажырлығымен көзге түсетін Азамат Сартайұлы әлеуметтік әріптестерінен адал еңбегі үшін «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттармен» марапатталған. Сонымен бірге, 2020 жылы «SENIM» кәсіподағы ұйымынан «Үздік маман», 2021 жылы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының «Үздік қызметкер» төсбелгілерімен марапатталды.
Азамат Сартайұлының медицина саласына, оның ішінде Жедел-жәрдем стансасындағы қызу жауапкершілікті қызметіне қосар үлесі зор.