Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Боранбаева Раиса Медетбекқызы 29 жыл бойы абыройлы қызмет атқарып келеді.
Өзінің негізгі мамандығы – бактериолог – дәрігердің қиын да қызықты жұмысымен қатар, кәсіподақ көшбасшысы жұмыскерлердің әлеуметтік әл-ауқаты, жұмыс орнындағы жағдайы, денсаулық және отбасы жағдайларына ешқашан бей-жай қараған емес. Серіктестерімен бірге кәсіподақ төрағасы ұжым мүшелеріне, әлеуметтік аз қорғалған, көпбалалы, мүгедек бала асыраушы ата-ана және мүгедектігі бар кәсіподақ мүшелеріне үнемі қамқорлығын білдіреді.
Білікті маманның жалпы медициналық жұмыс өтілі – 29 жыл. Медицина саласындағы еңбегі үшін Құрмет грамотасы, Алғыс хаттармен және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздік» төсбелгісімен марапатталған.