Бухгалтер мамандығы – қазіргі таңда қаржы және экономика саласында ең қажетті мамандықтардың бірі. Бухгалтерлік есепсіз әлемнің бірде-бір экономикасы жасай алмайды. Жеке кәсіпорындар, зауыттар және тіпті шағын дүкендердің жұмысы бухгалтерлік есепке байланысты.
Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарында – «Шығыс» МКК есептік үстелінің бухгалтер-кассирі Юлия Борисовна Чернец.
Юлия Борисовна үшін мамандық таңдау қиын болған жоқ: “Мен ыждаһаттылықты жақсы көремін, бұл қасиет осы мамандықта өте маңызды, мамандық таңдауда қателескенім жоқ”, – дейді ол.
Өз таңдауына сенімді бола отырып, Юлия Борисовна Қостанай әлеуметтік-техникалық университетіне “Есеп және аудит” мамандығына оқуға түседі. Университетті тәмамдағаннан кейін туған Қарасу ауылына оралды. Мұнда 2007 жылдың қазан айында жергілікті “Шығыс” МКК-ға есеп айырысу үстелінің бухгалтер-кассирі лауазымына жұмысқа қабылданды.
Өзінің еңбек міндеттерін адал атқара отырып, Юлия Борисовна өз құзыретіндегі кез келген мәселелерді шешу үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті адал, тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті.
Юлия Борисовна әрдайым өзінің кәсіби саласындағы ҚР заңнамасының өзгеруін қадағалайды, есептілікті толтыру бойынша барлық жаңашылдықты қолданады. Сондай-ақ, қызметкер кәсіпорынның басқа бухгалтерлері болмаған кезде әрқашан қосымша жауапкершілікті өз мойнына алуы маңызды.
Юлия Борисовна жүктелген міндетті абыроймен атқарады, іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият қызметкер.
Юлия Борисовна жұмыс пен отбасыны қатар алып жүрген ардақты ана, аяулы жар, екі қыздың анасы.