Жұмыс тобының өкілдері Bazis Astana компаниясына қарасты Рона ЖШС салып жатқан Evolition тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды.
Компания құрылысшы мамандарды арнайы жұмыс киімдерімен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз еткен. Жұмысшылар жалақыларын уақтылы алады. Медициналық алғашқы көмек көрсетілетін пункт орналасқан.
Қазіргі сәтте құрылыста монолитшілер, тас қалаушылар, сантехникалық, электр техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнаралы жеті кран орнатылған. Қолайсыз ауа райы кезінде крандардың жұмысы талапқа сай уақытша тоқтатылады.
Салынып жатқан кешен алаңы қажетті уақытша қатты қоршаулармен жабдықталған. Құрылыс алаңында қауіпсіздік техникалары жөнінде нұсқаулықтар ілінген.
Дегенмен, бақылау барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Рона ЖШС өкілдері инженерлік техникалық қызметке қатысты хаттаманы және краншылардың қауіпсіздігіне жауап беретін өкілдер туралы бұйрықтарды ұсына алмады.Краншыларды тіркеу жөніндегі журнал дұрыс толтырылмаған. Журналда екі кранға бір маманның қолы қойылыпты.Көтергіш крандармен жұмыс сызбасы талапқа сай емес.
Аталған кемшіліктерді жою бойынша құрылыс компаниясына екі күн уақыт берілді. Оның орындалуын жұмыс тобы бақылайтын болады.