Ақ халатты абзал жан

Назигүл Тлеуханқызы  1995 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын аяқтап, интернатураны бітірген. 1995 жылдың 1 тамызынан бастап медицина саласында қызмет етеді. Осы мерзімде аталған саланың облыстық «Денсаулық орталығында» емдік бақылау дәрігері, «Батыр» дзюдо бойынша Павлодар облысының туризм және спорт департаментінде дәрігер (дәрігерлік бақылау); дарынды балалар мамандандырылған мектеп-интернатының терапевт дәрігері, Павлодар облысының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының КМҚК «ДДШД» дәрігер терапевті, КМҚК «Дәрігерлік – дене шынықтыру диспансерінің» спорттық медицина бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2007-2022 жылдар аралығында Павлодар облысы туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының «Дәрігерлік – дене шынықтыру диспансері» КМҚК – емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 2022 жылдың 10 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Дәрігерлік – дене шынықтыру диспансері» КМҚК басшысы болып қызмет етеді. Ұжымда беделді, адамгершілігі мол, әріптестерімен әрдайым жоғары деңгейде қарымқатынаста. Жақсы басшы, әріптес. Өз жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі мол басшы. Барлық жұмысқа жауапгершілікпен қарайды.