Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырысты аша отырып, Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков Үйлестіру кеңесінің мүшелерін 2023 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің басшылығымен өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің отырысы туралы хабардар етті, отырыс барысында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кәсіподақтар қызметінің қорытындылары шығарылды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жаңа міндеттер айқындалды.
Бас кеңестің мүшелері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» Стратегиясын іске асыру барысын қарастырды, кәсіподақ қызметіне араласу мәселелерін, сондай-ақ еңбек жанжалдарының алдын алу және реттеу жөніндегі қадамдарды талқылады.
Мәселелер туралы айта келе, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас Кеңесінде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының төрайымы Айгүл Мұқашева Ұлытау және Қарағанды облысындағы Салалық кәсіподақ мүшелік ұйымдарының қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласу фактілері туралы айтты.
Кәсіподақ қызметіне араласу тақырыбын «Қазкөміркәсіподағы» салалық кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов жалғастырды, ол кәсіподақ көшбасшыларына қысым көрсету және заңсыз жұмыстан шығару фактілері туралы, атап айтқанда, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық – құтқару қызметтерінің Республикалық Орталық штабы» ЖШС-нің Қарағанды филиалында орын алған жағдай туралы айтып өтті.
Көмір кәсіпорындарының қызметкерлерін толғандыратын өзекті мәселелердің бірі – кеншілердің зейнетке шығуының әділ жасын белгілеу болып табылады, бұл туралы 2023 жылғы 29 маусымда «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірінші республикалық форумының трибунасынан «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Евгений Буслаев мәлімдеді.
Алматы облысы мен Жетісу облысының әлеуметтік әріптестерімен бірлескен жұмыс тәжірибесімен өңірлік кәсіподақ орталығының төрағасы Әсет Қыдырманов бөлісті.
Кәсіподақ ұйымдарының қызметіне араласу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұстанымын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин нақты белгілеп, Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүше ұйымдары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Әділетті Қазақстан құру бағытын қолдайтынын атап өтіп, Кәсіподақтар федерациясының басшысы әріптестерін әлеуметтік әділеттілік пен кәсіподақ ынтымақтастығы қағидаттарын ілгерілету бойынша күш біріктіруге шақырды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасы бойынша 2021 жылдан бастап 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі кезеңде еңбек қатынастары саласындағы жанжалды жағдайларға егжей-тегжейлі мониторинг жүргізілді. 2,5 жыл ішінде жалпы республика бойынша 272 ұжымдық дау болды, 261 жағдайда ұсынылған мәселелерді шешуге Кәсіподақтар Орталықтарының, федерацияның Салалық және Жергілікті кәсіподақтар филиалдарының өкілдері қатысты, дегенмен 154 кәсіпорында бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылмаған.
Кәсіподақтар мен әлеуметтік серіктестердің тікелей қатысуымен 171 жағдайда еңбек даулары төтенше шара – ереуіл қолданбай шешілді. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіпорындар мен мекемелер деңгейінде әлеуметтік жауапкершілікке, қызметкер мен жұмыс беруші арасында шын мәнінде әріптестік қатынастарды орнатуға баса назар аудару керектігін атап өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының бастамасымен (төрайымы – Алмагүл Ракишева) Қарағанды технология және сервис колледжінің директоры Жұмағали Мағзиевтің еңбегі атап өтілді, ол Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» медалімен 1905 жылы Қарағанды облысының Шет ауданында орналасқан Успен мыс кенішінде алғашқы кәсіподақ ұйымын құрудың Тарихи фактілерін жариялауға қосқан зор үлесі үшін марапатталды
Кездесу соңында қатысушылар кәсіподақ қозғалысының серпінді дамуына бағытталған көпбағытты және өзекті диалог үшін алғыс айтып, қабылданған шешімдерді іске асыруда өздерінің кәсіподақтық ынтымақтастығын білдірді.