Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының кәсіподақ орталығының жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің волонтерлері «Ихсан» еріктілер ұйымымен бірлесіп, әлеуметтік осал отбасыларды қолдауға бағытталған «BIZ BIRGEMIZ» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Жастар өкілдері төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған көпбалалы Ж.Ақнұрға барды. Ол кісінің екі баласы – мүмкіндігі шектеулі жандар.
Еріктілер отбасында болып, шын жүректен әңгімелесті, балаларға тағам мен сүйікті тәтті сыйлықтарын табыстады.