ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Металлургтер күнімен құттықтауы

Құрметті металлургия өнеркәсібінің қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Металлургтер күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күн – өз кәсібіне адал, қиындықтан қаймықпайтын, өндірісте шыңдалған ұстамды жандарға құрмет көрсетілетін айрықша мереке. Металлургия қашанда отандық экономиканы алға бастаушы сала ретінде ерекшеленіп, еліміздің өнеркәсіптік қуатын арттырады.
Қара және түсті металлургия – ел экономикасына айтарлықтай әсер ететін жетекші өнеркәсіп салаларының бірі болып саналады. Қара металлургия тек ішкі тұтынуды ғана емес, сонымен қатар республика үшін пайдалы экспорттық позицияны қалыптастырады.
Металлургия өнеркәсібі – мыңдаған жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін қазақстандық индустрияның флагмандарының бірі. Олардың қажырлы еңбегі мен жоғары шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негіздерінің бірі болып табылады.
Еліміздің металлургиялық өнеркәсібінің бастауында тұрған және алдыңғы буынның ізін жалғап келе жатқан Сіздерге мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз бен өз істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс айтамын.
Осындай мерейлі мерекеде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және еліміздің игілігіне бағытталған қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин