Павлодарда Металлургтер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Өңірдің тау-кен металлургия саласының барлық кәсіпорындарында ардагерлер мен өндіріс озаттарын құрметтеу бойынша салтанатты жиналыстар өтті. Адал еңбегі, тау-кен металлургия саласын дамытуға, мемлекеттің экономикалық әлеуетін нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін металлургтер мен кеншілер мемлекеттік, ведомстволық және кәсіподақ наградаларымен марапатталды.
«Павлодар облысы үшін Металлург күні күнтізбелік күн ғана емес. Бұл ірі зауыттар мен еңбек әулеттерінің мерекесі, еңбек, даңқты дәстүрлер мен жаңа технологиялар мерекесі. Біз металлургтер мен кеншілерге еңбегі, шеберлігі, отты мамандыққа берілгендігі үшін алғыс айтамыз!»,- деп атап өтті Павлодар облысы бойынша «QAZAQMETAL KASIPODAGY» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова.