Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Осы орайда біз өмірін ұстаздық жолға арнаған Жаксылыкова Айнур Бердибекқызы туралы өрбітуді жөн көрдік.
Жаксылыкова Айнур Бердибекқызы 1979 жылы 12 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Кентау қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №1жалпы орта мектебін бітіріп, Қ.А. Яссауи атындағы университеттің спорт және өнер факультетіне оқуға түскен. Аталған жоғары оқу орнында музыкалық білім бакалавры мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолын 2009жылы өзінің білім алған Ы. Алтынсарин атындағы №1 жалпы орта мектебінде музыка пәні мұғалімі болып бастаған. Осы мектепте бүгінгі күнге дейін музыка пәнінен оқушыларға дәріс беріп келеді. Өзінің еңбек жолында бірнеше оқушыларды өнерге баулып, қазіргі таңда шәкірттері сахна төрінде түрлі байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр.
Атап айтатын болсақ. Аманжолов Ерасыл «Қазақстан үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауының лауреаты. 2019 жылы «Ән салу өнері» 1 дәрежелі лауреат дипломмен марапатталса, ал Оразхан Мадияр Кентау қаласы «Мәңгілік елге мың тағзым» патриоттық әндер байқауында 3-орын иегері атанды. 2022 жылы Ерасыл қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан алтын бесігім» фестивалінің қалалық кезеңінде бас жүлдені жеңіп алса, ал Оразхан Мадияр Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Тұлпар мініп ту алған» өнер фестивалінде мадақтамамен марапатталды.
Сондай-ақ, 2022 жылы Ильясов Арсен IX республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінің «Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағыты бойынша 1-дәрежелі дипломымен марапатталды. Шымкент қалалық филармониясының ұлт аспаптар оркестрінің соло орындаушысы ретінде концерттік бағдарламаға қатысты. 2023 жылы сәуір айында Түркістан облыстық телевидениесінің шақыртуымен Арсен жарық жұлдыз бағдарламасынада өзінің өнері туралы сұхбат берді.
Білікті маманның қажырлы еңбегі ескерусіз қалмай бірнеше рет мектеп әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарымен, қала әкімінің алғыс хатымен, қалалық маслихатының алғыс хаттарымен, 2022 жылы мұғалімдер күніне орай Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының мадақтамасымен марапатталды.
Сонымен қатар Айнур Бердібекқызы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы кәсіподақ қозғалысын дамытуға сүбелі үлес қосып, белсенділік танытып келеді. Бірнеше рет салалық кәсіподақ комитеті тарапынан грамоталарымен марапатталды.
Қазіргі таңда Айнур Бердібекқызы 1 қыз екі ұлдың анасы, 2 немеренің әжесі, шаңырақтың түтінін түзу түтетіп, отбасының берекесі- бақытты ана.