Қарағанды облысында «Еңбек жолы» республикалық байқауының аймақтық қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының кезекті отырысында Қарағанды облысынан «Еңбек жолы» республикалық байқауына қатысуға үміткерлердің тізімін бекіту, міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды аударудың жай-күйі мәселелері қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ирина Любарская сөз сөйледі, ол слайдтарда “Үздік еңбек әулеті”, “Өндірістің үздік жас қызметкері”, “Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері” номинациялары бойынша үміткерлердің әрқайсысы туралы толық ақпаратты ұсынды.

Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск, Приозерск қалаларынан, сондай-ақ, Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров, Нұра, Шет аудандары еңбек ұжымдарының өкілдерінен барлығы 25 өтінім берілді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Қарағанды қаласының медициналық институты» КЕАҚ әкімшіліктері мен кәсіподақтарының жақсы ұйымдастырушылық жұмысы атап өтілді, олар жыл сайын өздерінің номинанттарына республикалық конкурсқа қатысу үшін материалдар дайындауға барлық қажетті қолдау көрсете отырып қатысады.

Екінші мәселе бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Данияр Мусин, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ директоры Зәуреш Мулдаева сөз сөйледі.


Облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік комиссиясының мүшелері 2023 жылы әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің 18,8%-ға (55,2 млн. теңге) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша 17,7%-ға (38,2 млн. теңге) төмендегенін атап өтті, уәкілетті органдарға кәсіпорындар тарапынан және облыс ұйымдарынан Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларын бұзудың алдын алу және болдырмау жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынылды.