Кәсіподақ үздік мамандарға құрмет көрсетті

«SENIM»  Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚҚ Ақтөбе облысы филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерін,  өз саласының білгір мамандары, тәжірибелі, әрі ұзақ жылдар медицина саласында жемісті еңбек етіп,ел алғысына бөленіп жүрген бір топ медицина қызметкерлерін құттықтады.

Адам өміріне араша болып жүрген өз істеріне адал берілген,жауапкершілігі мен еңбекқорлығы, мейірімділігі нәтижесінде талай жанның алғысын алған азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді. Солардың ішінде «№6 қалалық емханасының» МКК рентген зерханашысы Айсаулде Опабекова ” Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы” төс белгісімен және Марат Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығының онкология кафедрасының басшысы Әріп Қойшыбаев “Алтын дәрігер” төсбелгісімен марапатталды.