Үшжақты комиссия өзекті мәселелерді қамтыды

Алматы облысы және Жетісу облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә.Қыдырманов Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысына қатысты. Комиссия Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әлидің төрағалығымен өтті.


Отырысқа «Paryz» «Қазақстан Республикасы Жұмыс берушiлер (кәсіпкерлер) Ұлттық Конфедерациясы», «Жетісу облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Аlacem (Алацем)» ЖШС, «Kaz SILICON» металлургия комбинаты ЖШС, еңбек инспекциясы басқармасы, салалық кәсіподақтардың төрағалары мен комиссия мүшелері, аудан, қала әкімінің орынбасары қатысты.

Осыған байланысты облыстық үшжақты комиссия отырысында «Аlacem (Алацем)» және «Kaz SILICON» металлургия комбинаты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің әлеуметтік-еңбек жағдайлары, облыстың ірі кәсіпорындарындағы ұжымдық шарттарды талдау мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Ә.Ерленов, Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Д.Жолжанов, «Аlacem (Алацем)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Б.Момбаев, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары У.Усенов, «Kaz SILICON» металлургия комбинаты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры М.Сарсенов, «Жетісу облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә.Қыдырмановқа баяндама жасау үшін сөз кезектері берілді.

“Бүгінгі күннің өзекті мәселесі, ол, жұмыс берушілердің жалақыны уақтылы төлеуі, жаппай жұмыстан шығаруға жол бермеу, еңбек заңнамасын сақтау. Аталған проблемаларды шешу бойынша алдын алу шараларын қабылдамау Әлеуметтік және еңбек жанжалдарының туындауына әкеп соғуы мүмкін. Бір айдың ішінде комбинаттан 84 адам еңбек шарттары тоқтатқан. Біздің басты мақсатымыз, әлеуметтік шиеленіске жол бермеу, жұмыссыз адамдарға қолдау көрсету. Облыстың кәсіподақ ұйымдары үшжақты келісім шеңберінде еңбек жанжалдарында еңбек заңнамасының негіздерін оқыту және түсіндіру, білім алушылар келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша тренингтер өткізеді. Медиаторлар қақтығыстарды шешуге ықпал ететін «Татуласу орталықтары» жұмыс істейді. Қабылданған шаралар әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік шиеленісті, еңбек жанжалдарын болдырмауға мүмкіндік береді. Аудан, қала әкімдіктері жанынандағы үшжақты комиссияларда еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік әріптестік, мекемелермен ұйымдарда ұжымдық шарттармен қамтылуы бойынша және олардың орындалуына сараптау жұмыстарын жандандыру қажет”, – деді кәсіподақ төрағасы.

Облыстық Үшжақты комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелердің барлығы қаралды.