almaty-akshamy.kz: “Түркі елдерінің кәсіподақ ұйымы құрылады”

Қазақстан Түркі елдерінің кәсіптік одақ ұйымын құру туралы келісім жасады.

Оның құрамына төрт мемлекет – Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Қырғызстан ұйымға бақылаушы мәртебесінде қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Кәсіподақ федерациясы хабарлады. Халықаралық ынтымақтастық түркі мемлекеттерінің бірігуіне берік негіз болады. Сондай-ақ, тәжірибені ілгерілетіп, еңбек нарығындағы жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңа ұйымның жұмысы еңбеккерлердің әлеуметтік,  кәсіптік,  экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау шараларын біріктіруге бағытталады.

https://almaty-akshamy.kz/tyrki-elderinin-kaesipodak-yyimi-kyriladi