«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан өңірінің кәсіподақтар қозғалысына зор үлес қосып, ерен еңбегін сіңірген, кәсіподақ саласының ардагері, ұзақ жылдар бойы төраға қызметін атқарған Шерімқұлов Досыбай Айтбайұлын 75 жасқа толған туған күнімен құттықтады.
Құттықтау шарасында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек мерейтой иесіне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Алтеевтің құттықтауын жеткізіп, сый-сияпат табыстады. Мерейтой иесін қуанышты күні туған күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі. Кәсіподақ ардагері өз алғысын білдіріп, ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Досыбай Айтбайұлы еңбек еткен 2006-2015 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіподақтар одағының төрағасы болып қызмет атқарған.