Кәсіподақ өкілдері бастауыш ұйым мүшелерімен жүздесті

Павлодар қаласында «Қамқорлық» бастамасының үшінші кезеңі аясында Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Облыстық балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қамқорлық» аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған орталық ашылды. Қызметкерлердің штаттық саны 66 адамды құрады.


«Облыстық балаларды оңалту орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды, оның төрағасы болып дефектолог Алпысбаева Анара Еранқызы сайланды. Мекемеде Ұжымдық шарт қабылданды.

2023 жылғы 2 тамызда «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова «Облыстық балаларды оңалту орталығы» КММ кәсіподақ активімен кездесті.

Кездесуге «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалы төрағасының м. а.  Г.Камалова, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы  М.Иванова қатысты.

«Орталық қызметінің мақсаты аутизмі бар және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдаймен қамтамасыз ететін және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешенін (қысқа мерзімді болу жағдайында (4 сағат) ұсыну болып табылады», – деп «Облыстық балаларды оңалту орталығы» КММ директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары М.Сматаева кездесуге қатысушылармен Орталықтың қызметі туралы бөлісті.

Орталық қызметкерлерімен – кәсіподақ мүшелерімен кездесуде Д.Айтжанова Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жұмысы, әлеуметтік әріптестіктің өзекті мәселелері, ұжымдық шарттар жасасудың үздік тәжірибелері, кәсіподақ жұмысының нысандарын дамыту, келісім комиссиясының мүшелерін оқыту туралы айтып берді.

«Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына қолдау көрсетуге, келісім комиссиясының мүшелерін оқытуға, ұжымдық шарттар жасасудың үздік тәжірибелерімен таныстыруға әрқашан дайын», – делінген баяндамада.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының жұмыс тәжірибесі, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің қабылдануына байланысты еңбек заңнамасының өзгеруі туралы М.Иванова таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар орталықтың кәсіподақ қызметіне көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.