Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Еңбек адамы” Республикалық фотобайқауын өткізу туралы Ереже

  1. Жалпы ереже

1.1. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі – ҚРКФ) өткізетін үздік фотосурет жұмысына арналған «Еңбек адамы» Республикалық фотобайқауы туралы Ереже байқауды ұйымдастыру, жеңімпаздарды таңдау тәртібін және байқау комиссиясының жұмыс тәртібін регламенттейді.

1.2. ҚРКФ ұйымдастырған байқау Жұмысшы мамандықтары жылына арналып, қоғамның назарын Еңбек адамына аудару, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мақсатында өткізіліп отыр.

1.3. Байқаудың ұйымдастырушысы – ҚРКФ. Байқау өтінімдерін қарау кезінде сараптамалық баға беретін ұйым – ҚРКФ Бас кеңесінің Ақпараттық саясат жөніндегі комиссиясы.

1.4. Байқау шеңберіндегі хабарландырулар мен басқа да ресми ақпарат https://kasipodaq.kz/ – ҚРКФ Интернет-ресурсында жарияланатын болады

  1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаты-қоғамның назарын Еңбек адамына аудару,жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және насихаттау, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен лайықты жалақыны қамтамасыз ету мәселелерін шешу

2.2. Байқаудың міндеттері:

–   еңбек саласының өзекті мәселелеріне қоғамдық назар аудару;

– жұмысшы мамандықтарын дәріптеу;

-қоғамды Еңбек адамының елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын дамытуға қосқан үлесі мен рөлі туралы хабардар ету.

  • Байқаудың тақырыбы

Байқау жұмыстарының тақырыбы:

– Қоғамдағы Еңбек адамы;

– Еңбек адамы-ел өркендеуінің негізі;

-Қауіпсізеңбек

– Жұмысшы адамның лайықты еңбегі;

– Асыл еңбек

  • Байқау жұмыстары әртүрлі жанрларда (портреттер, сахналық) қабылданады. Ал форматы кемінде 300 dpi (дюймдегі нүктелер) болуы керек

Файл минималды компрессиямен PNG немесе JPEG форматында болуы керек.

Ажыратымдылығы кем дегенде 3000 px (мысалы, 2160px x 3840px, бұл 4K) құрау керек.

  • Байқау жұмыстарын тіркеу және тапсыру тәртібі

4.1. Байқауға кез келген деңгейдегі қазақстандық БАҚ журналистері, ҚРКФ-на мүше ұйымдарының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі қызметкерлері , фрилансерлер, блогерлер, сондай-ақ агенттіктер мен коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады.

Қатысу үшін Ереженің 1 Қосымшасына сәйкес өтінімді толтырып, байқау жұмыстарымен бірге ҚРКФ электронды мекенжайына жіберу қажет: kasipodaq_press@mail.ru

4.2. Байқауға өтінімдер хабарландыру жарияланған күннен бастап қабылданады.

4.3. Байқау жұмыстары 2025 жылдың 20 қаңтары мен 3 қазаны аралығында қаралатын болады.

4.4. Жұмыстар электрондық түрде, сондай-ақ USB (flash) құрылғылары арқылы ұсынылу қажет.

4.5. Өтінімтер мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей жіберілуі тиіс. Байқау  тақырыбына, талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ ұсыну мерзімі өткеннен кейін жіберілген жұмыстар Байқауға қабылданбайды. Байқау жұмыстарының жарияланған тақырыпқа сәйкестігін Байқау комиссиясы анықтайды.

  • Байқауға қатысушылардың міндеттері

5.1. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

байқаумен алдын ала танысу, осы Ережеге сәйкес байқауға қатысуға қойылатын талаптарды зерделеу;

осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген конкурстық жұмыстарды уақытылы ұсыну;

осы Ережеде көзделген ережелер мен рәсімдерді сақтау.

5.2. Байқауға қатысушылар:

 Байқау жұмыстарына және өзге де ұсынылатын материалдарда көрсетілген ақпараттың дұрыстығы үшін;

осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен рәсімдерді сақтамағаны үшін;

 – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқық бұзушылықтар үшін жауапты.

  1. Байқау комиссиясының жұмыс тәртібі

6.1. Байқау комиссиясы:

  • осы Ереженің талаптары сақталмаған жағдайда қатысушыны Байқауға қатыстырмауға;

– Байқау комиссиясының мүшелері бұзушылықтарды анықтаған жағдайда кез келген кезеңде Байқау нәтижелерін жоюға құқылы.

6.2. Байқау комиссиясы міндетті:

– Байқауға қатысушылардың барлығына тең жағдай жасауға;

– Байқау жариялылығын қамтамасыз етуге;

– Байқау нәтижелері туралы ақпараттың мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеуге.

6.3. Байқау комиссиясының құрамы Ақпараттық саясат жөніндегі ҚРКФ аппаратының және мүшелік ұйымдарының өкілдерінен құралады.

6.4. Байқау жұмыстарын бағалау кезінде байқау комиссиясы келесі критерийлерді басшылыққа алады:

– тақырыптың өзектілігі;

– объективтілік;

– материалды берудің кәсіби деңгейі;

– эксклюзивтілік;

– авторлық тұжырымдаманың дербестігі;

– ақпараттың дәлдігі мен дұрыстығы;

– журналистиканың этикалық қағидаттарына сәйкестігі.

Байқауды өткізу және қорытындылау тәртібі

7.1. Байқау екі кезеңде өткізіледі.

7.2. Бірінші кезең ұйымдастырушылық кезең болып, Ережені жариялауды және байқау өткізуді хабарландыруды ҚРКФ интернет-ресурсында орналастыруды қамтиды – https://kasipodaq.kz/

Екінші кезең Байқау комиссиясының жұмыстарды қарауын және жеңімпаздар мен  жүлделер иегерлерін марапаттау рәсімін қамтиды.

7.3. Байқаудың ресми нәтижелері 2025 жылдың 10 қазанына дейін шығарылады және ҚРКФ интернет-ресурсында орналастырылады.

7.4. Байқау жұмыстарын қарау екі кезеңді қамтиды:

іріктеу кезеңі, оның шеңберінде барлық жұмыстарды Байқау комиссиясы мүшелері қарайды;

– қорытынды кезең, оның барысында іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша іріктеліп алынған Байқау жұмыстары (номинацияларға үміткерлер) қаралады.

Байқау жұмыстарын қарау нәтижелері № 2 Қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

7.5. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылдың 10 қазанынан кешіктірілмей өткізіледі.

  1. Жүлде қоры

8.1. Байқаудың жүлде қоры осы Ереженің № 3 қосымшаға сәйкес ҚРКФ және оның мүшелік ұйымдарының қаражаты есебінен қалыптастырылады.

8.2. Осы Ереженің № 3 Қосымшасы негізінде Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес бес тақырыптың әрқайсысы бойынша жеңімпаздар анықталады. Оларға  дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталады.

8.3. Байқаудың барлық номинанттары естелік дипломдармен марапатталады.

8.4. Байқау комиссиясы ұсынылған жұмыстар  талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүлделі орындарды бермеуге де құқылы.

8.5. ҚРКФ қосымша арнайы сыйлықтарды беру құқығын өзіне қалдырады.

“Еңбек адамы” республикалық фотобайқауы туралы Ережеге № 1 Қосымша

Байқауға қатысуға өтінім

Тегі: ___________________________________________

Аты: _______________________________________________

Әкесінің аты: ___________________________________________

Туған күні: ______________________________________

Білімі: ________________________________________

Жұмыс орны: _______________________________________

Тақырып: _________________________________________

Фотосурет:

____________________________________________________

Электрондық пошта: ___________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________

Пошталық мекенжай: ______________________________________

Қол қойылған күн